The Arc Residence – бұл Нұр-Сұлтан қаласындағы сол жағалау орталығында, «Мәңгілік Ел» монументінің жанында орналасқан бизнес санатты заманауи резиденциялар.

The Arc Residence жоғары мәртебелі қонақтардың ұзақ мерзімге жайлы орналасуын қамтамасыз ететін 134 премиум резиденциядан тұрады.

Резиденциялардың орналасқан орны – өз уақытын үнемді пайдаланатын қонақтар үшін өте ыңғайлы, өйткені локация қаланың басты үлкен жолдарына жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді:

  • Халықаралық қаржы орталығына, «Mega Silkway» сауда орталығына, «Астана Балет» театрына, Ботаникалық баққа, Ұлытау аллеясына, сондай-ақ жақын маңдағы көптеген кофеханалар мен мейрамханаларға тез жетуге ыңғайлы орналасқан;
  • «Нұрсұлтан Назарбаев» Халықаралық әуежайына және «Нұрлы жол» теміржол вокзалына 20 минуттық жер;
  • The Arc Residence бизнес санатты резиденциясынан көрініс астана жүрегі «Мәңгілік Ел» монументін айшықтап тұрады;

Бұдан өзге, The Arc Residence, бұл:

  • жоғары деңгейдегі қауіпсіздік;
  • күзетілетін жерасты паркингі;
  • сервистік қызмет;
  • клининг қызметі;
  • жоғары жылдамдықтағы Internet және кабельді ТВ;
  • кең орынжайлар;
  • заманауи тұрмыстық техника;
  • жайлы кіреберістер;
  • жылдам әрі шусыз лифтілер;

Кешеннің инфрақұрылымына супермаркеттер, отбасылық дәмхана, American street food, кеңсе орынжайлары, кең профильді клиника, эстетикалық медицина клиникасы, сыра бутигі, таңдаулы тері бұйымдар бутигі, химтазалау, көлік жуу, интерьер және жарықтандыру дүкендері кіреді.

Бұл жерде сіз қонақ үй қызметімен үндескен өз үйіңіздің жайлылығын сезінесіз!